18.03.2016

Вобэнзим плюстің 30%-ға төмендетілген бағамен алғаш жеткізілімі

ТОО «Аманат» Қазақстан фармацевтикалық компаниясы Вобэнзим плюс препаратының 30%-ға төмендетілген бағамен кезекті жеткізілімін жүзеге асырды. Жақын арада «Биосфера» және басқа да дәріханалар желілерінде бағалар төмендеуін күтіңіздер.

29.02.2016

Вобэнзим плюсті урологияда қолдану жайлы жаңа әдістемелік ұсыныстар жарыққа шықты

Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің урология және андрология кафедрасы МУКОС Фарма фармацевтикалық компаниясының қолдауымен «Созылмалы хламидиялы уретропростатит диагностикасы мен оны жүйелі энзим терапиясының көмегімен аралас емдеу» атты әдістемелік ұсыныстарды жарыққа шығарды. Әдістемелік ұсыныстарды әзірлеген: медицина ғылымдарының докторы, профессор, урология және андрология кафедрасының меңгерушісі Шалекенов Б.У., медицина ғылымдарының докторы, профессор Хусаинов Т.Э., медицина ғылымдарының докторы, профессор Куандыков Е.А.

Әдістемелік ұсыныстарда хламидиялы инфекция мен созылмалы простатиттің нағыз проблемаларына жарық түсірген. Несеп-жыныстық жолдардың қабынуы және олардың өсімпаздық асқынуларының диагностикасы мен емі қарастырылған. Осы мақсатта автор аралас терапиямен қатар жүйелі энзим терапиясы препараты – Вобэнзим плюсті қолдануды ұсынады. Әдістемелік ұсыныстар уролог, андролог, дерматовенеролог және жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған. 

18.02.2016

Репродуктивті (өсімпаздық) жүйе мүшелерінің қабыну ауруларын емдеудегі заманауи әдістер жайлы Алматы қаласының жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне арналған семинар

2016 жылдың 19 ақпанында м.ғ.д., профессор Шалекенов Б. У. бастаған «Мужское здоровье» қоғамдық бірлестігі мен МУКОС Фарма фармацевтикалық компаниясы кезекті «Репродуктивті (өсімпаздық) жүйе мүшелерінің қабыну ауруларын емдеудегі жүйелі энзим терапиясы» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді. Бұл жолы семинар Алматы қаласының жалпы тәжірибелік дәрігерлеріне арналады.

Профессор Хусаинов Тамерлан Эркенович, ҚазМҮББУ урология және андрология кафедрасы, ер адамдарда хламидиялы індеттерді емдеу мен заманауи диагностика әдістері туралы баяндама жасайды. Сонымен қатар, хламидиялы простатитті емдеудегі Вобэнзим плюс дәрілік препаратының тиімділігін анықтайтын өз зерттеулерінің нәтижелерімен бөліседі.

ҚазМҮББУ гинекология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. Сармулдаева Шолпан Куанышбековна әйел адамдардың репродуктивті (өсімпаздық) жүйе мүшелерінің қабыну ауруларын заманауи әдістермен емдеу туралы, сонымен қатар, жүйелі энзим терапиясы препараттары туралы айтып береді.

Семинар сағ. 17:00-де Алматы қ., Гоголь к-сі 127/1, Қазжол қонақ үйі, Алатау мәжіліс залында өтеді. Семинардың соңында қатысушыларға сертификат пен естелік сыйлықтар беріледі.

31.01.2016

Біз бағаны 30%-ға төмендетеміз!

МУКОС Фарма фармацевтикалық компаниясы қауіпсіз, тиімді, әрі жоғары сапалы дәрі-дәрмек – Вобэнзим плюс жүйелі энзим терапиясына арналған препараттарды қолжетімді етуде өз тұтынушыларының алдындағы жауапкершілігін толық түсінеді.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2015 жылдың тамызынан бастап жаңа ақша-кредит саясатына ауысып, валюта айырбастау бағамының біршама көтерілуіне байланысты МУКОС Фарма компаниясы Вобэнзим плюстің бағасы 30%-ға төмендейтінін жариялайды.

Вобэнзим плюс бағасының төмендеуі оны өндіру сапасы мен жеткізу сапасына кері әсерін тигізбейді.

Жақын арада Вобэнзим плюсті жаңа бағамен жеткізу басталады, жаңалықтардан құр қалмаңыздар! 

19.11.2015

20.11.2015ж. Репродуктивтік  жүйе  мүшелерінің  қабынуы жайында семинар 

2015ж. 20 қарашада  «Мужское здоровье»Қоғамдық бірлестігінің  медицина ғылымы- ның  докторы профессор Шалекенов Б.У. және МУКОС Фарма   фармацевтикалық  компаниясы  Алматы  қаласының  уролог және гинеколог дәрігерлері үшін «Репродуктивтік  жүйе  мүшелерінің қабынуын жүйелік энзимотерапия- мен емдеу» тақырыбына ғылыми-тәжірибелік семинар өткізеді.

Семинарда  КазМУНО  урология  және андрология  кафедрасының  профессоры Хусаинов Тамерлан Эркенович  ерлердіңхламидиялық  жұқпасын энзим препараттарымен  емдеу туралы мағлұматтар береді.

КазМУНО  гинекология  кафедрасының  меңгерушісі  м.ғ.д. Сармулдаева  Шолпан Куанышбековна  әйелдердің  репродуктивтік  жүйе мүшелеріндегі қабыну ауруларын  емдеуәдістерімен таныстырады.

Семинар Алматы қ. Байтұрсынов к-сі, 113, «Астана интеротель» қонақ үйінің  Кеңес конференц- залында  16:00 өтеді. Қатысушыларға  сертификат беріледі.

29.10.2015

МУКОС Фарма және КАРМ

МУКОС Фарма 30-31 қазанда 2015 ж Алматы қаласында өткен Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының  «Бедеулікті емдеудің заманауи тәсілдері. ҚРТ: Қазіргі жағдайы мен болашағы» атты VII Халықаралық конгресінің ресми демеушісі мен қатысушысы болып табылады. Конгресс барысында Вобэнзим плюс препаратының хламидиялық простатитті емдеуде қолданудың тиімділігі туралы соңғы зерттеулер нәтижелері жарық көреді

Конгресс жұмысына қатысуға тілек білдірген мамандарға  МУКОС Фарма ұйымдастырушылары  аккредитация өткізеді. Қатысушыларға конгрестің  барлық материалдары мен баяндамаларын қолдануға рұқсат етіледі.

23.09.2015

МУКОС және Қазақстандық травматолог - ортопедтерінің қауымдастығы

24-25 кыркүйек 2015 ж Астана қаласында Қазақстан Республикасы травматолог - ортопедтерінің II съезіне МУКОС Фарма демеуші ретінде қатысады. Шетел мамандарының қатысуымен өтетін съезде медицина ғылымының докторы Абдуразаков Уразбай Абдуразаковичтің бастауымен Алматы қаласының бір топ зерттеушілері травматологиялық науқастарды емдеуде Вобэнзим плюс препаратын қолдану нәтижелері туралы баяндама жасайды.

24.03.2015

MUCOS PHARMA НЕМІС ШАҢҒЫШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ РЕСМИ ЖЕТКІЗУШІСІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Құрамында 975.000-нан астам мүшесі бар Неміс Шаңғышылар Қауымдастығы (Deutsche Skiverband) Германияның аса ірі ұлттық спорт бірлестіктерінің бірі болып саналады. Оның қамқорлығымен альпинизм, биатлон, ұзақ қашықтықтарға жүгіру, скандинавиялық қоссайыс, трамплиннен секіру және шаңғылық кросс секілді спорт түрлері бойынша әуесқой-спортшылар мен кәсіпқойлар жиналған. 2013 жылдан абстап Вобэнзим плюс дәрілік препараты Неміс шаңғышылар құрамасына ресми түрде жеткізіледі, ал бұл – спортшыларға шаңғы жолына тезірек қайта оралуына көмектеседі.

25.03.2013

ЖАҢА ВЕБ-БЕТІ

Жаңадан рәсімделген Вобэнзим online: 2015 жылдың наурыз айынан бастап Вобэнзим плюс www.wobenzym.kz веб-бетінде берілген. Мазмұны жаңартылған қарапайым әрі анық әрленімінің арқасында, сайт пайдаланушыларға Вобэнзим плюс туралы барынша кең ауқымдағы ақпаратты ұсынады. 

Бұл ретте жаңа сайтқа әрбір кіру бірегей болуда: Өзекті мазмұндағы тиісті бөлімдері кірушілерді қызықты әрі пайдалы ақпаратпен баурап алады. Жаңа web-сайт сондай-ақ заманауи планшеттер мен смартфондар секілді мобильді құрылғылар үшін де жетілдірілген.