Энзимдер (ферменттер) өмір тіршілігін қолдап отыру үшін қажет. Бірақ олар қалай әсер етеді? 

Энзимдер (ферменттер) аминқышқылдардың тізбектерінен тұрады. Микроскоптың астында олар нашар оралған жүн домалақтары секілді көрінеді. Іс жүзінде олардың пішіні кездейсоқ болып табылмайды және аминқышқылдардың құрамымен немесе олардың тізбектегі кезетілігімен анықталған. Осы қағидат бойынша энзимдердің (ферменттердің) адам сенгісіз көп мөлшері бар, алайда бұл ретте бір құрылымның ферменттері әрдайым бірдей пішінде болады және басқа типтегі энзимдерден (ферменттерден) ерекшеленеді.

Энзимдер (ферменттер) «субстраттық айрықшалықты» иемденеді және «Құлып-кілт» қағидаты бойынша әрекет етеді. Бұл мынаны білдіреді: кез-келген энзимнің (ферменттің) нормасы мен құрылымы оның әрекеті үшін шешуші болып табылады. Ол әрбір ферменттің өзі үшін сәйкес келетін белгілі пішіні бар белгілі затпен (субстратпен) ғана өзара әрекеттесе алуын қамтамасыз етеді. Өзара әрекеттескен кезде, энзим (фермент) және оған сәйкес келетін субстрат кешен түзеді. Мұндай кешеннің түзілуінің арқасында, фермент айрықша реакция катализделетін қалыпқа ауысады. Реакция аяқталған кезде, өзгеріссіз энзимнің (ферменттің) босап шығуы орын алады және бұл – осындай реакция үшін субстрат аяқталмайынша, көптеген осындай реакцияларды тудырады.

Осы қағидат бойынша энзимдер (ферменттер) ас қорытудан бастап, ДНҚ репликациясына дейінгі ағзаның көптеген зат алмасу үдерістерін қамтамасыз етеді.

Top