Қабыну – қандай да бір әсерге орай ағзаның әдеттегі әрекеті болып табылады.

Қабыну – ағзаның болжалды зиянды тітіркенуге орай табиғи және қажетті әрекеті. Ол жағымсыз сезім тудырғанымен, әйтсе де ол ағзаны зақымданудан қорғайды. Қабынудың себебі ретінде, тітіркендіргіштердің үш түрі әрекет етеді: механикалық тітіркендіргіш – қандай да бір сығу немесе қыздыру түрінде, химиялық тітіркендіргіш – аллергендер мен токсиндер түрінде, және биологиялық тітіркендіргіш – саңырауқұлақтар мен бактериялар түінде.

Қабыну үдерісінің барысы – ағзаның нейротрансмиттерлері болып табылатын цитокиндермен реттеледі, олар, мысалы, антиденелердің жасап шығарылуын ынталандырады. Қабыну үдерісін жылдамдататын (қабынушы) цитокиндер болады және қабыну үдерісін ұстап тұратын (қабынуға қарсы) цитокиндер болады. Олардың арасындағы теңгерімсіздік – қабыну ошағының туындауына немесе оның ұлғаюына апарып соқтыруы мүмкін, сондай-ақ қатты немесе созылмалы сатысын тудыруы мүмкін.

Энзимдер (ферменттер) қабынушы және қабынуға қарсы цитокиндердің арасындағы теңгерімді қалпына келтіруге және сауығу үдерісін жылдамдатуға көмектеседі, сондай-ақ оны барынша тиімді етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте олар иммундық жүйені қолдап отыруға және артық цитокиндерді ағзадан шығаруға көмектеседі.

Олардың әсер ету қағидатын Өнімдер – Вобэнзим бетіндегі бейнеден көріңіз. Сонымен қатар, энзимдер (ферменттер) ісінулерді басуға көмектеседі және қабыну кезіндегі ауыруды азайтады.

Top