Аллергендерге, бактерияларға және бөтен денелерге қарсы біздің қорғаныс күшіміз үнемі дайындықта тұрады. Энзимдердің (ферменттердің) арқасында, Сіз өз жүйеңізді қолдап отыра аласыз!

Күздің салқын самалы, толығымен емделмеген жарақат, спортпен айналысу кезіндегі шектен тыс жүксалмақтар және жас шамасына байланысты өзгерістер: осы және басқа факторлардың барлығы біздің иммундық жүйеміздің барынша қарсыласуын қажет етеді. Біздің денсаулығымызды қолдау бойынша ұдайы жұмыс жасай отырып, иммундық жүйе бір құралға: қабыну реакциясына ұдайы жүгінеді.

Қабынудың мәлім белгілері – қызару, ісіну, ауыру, температураның көтерілуі және жұмысқа қабілеттіліктің жоғалуы – осының барлығы иммундық жүйенің жауабының сыртан байқалатын көріністері ғана. Қыс кезінде мұрынның бітіп қалуы немесе спортпен айналысқаннан кейін бұлшықеттердің сыздауы – қабыну реакциясымен ілесе жүреді. Белгілері – әсерге ұшыраған ұлпалардың күшейтілген қан айналымымен көрініс табады, ол зақымданған жерге иммундық жасушалардың көп мөлшерін жеткізеді.

Бірақ тіпті мұндай қабыну реакциялары да бақылаудан шығуы мүмкін, көлемдері ұлғаюы мүмкін немесе созылмалы сипатқа өзгеруі мүмкін. Энзим терапиясы иммундық жүйені реттейді, ағзадағы қабыну реакцияларын теңелтеді және сол арқылы олардың жазылуына жағдай жасайды. Бұл ретте ферменттер қабынудың тиісті артық нейромедиаторларын (цитокиндерді) аулайды.

Бұл үдерістің толық суреттемесін Вобэнзим Өнімдері бетіндегі бейнеден қараңыз.

Top