Мыңдаған жылдар бойы адамдар энзимдердің (ферменттердің) күшін пайдаланып келеді. Алайда бұл туралы бізге тек ондаған жылдар бұрын ғана мәлім болды.

Көне өсиетте энзимдер (ферменттер) туралы, дәлірек айтсақ олардың әсері туралы ертеде жазылған ескертпелер бар, онда інжір ағашы жапырағының көмегімен жарақатты жасзу туралы айтылады (Исаия 38 және 2-ші Тарау, Патшалар кітабы 20 Тарау). Бүгінгі таңда біздің білетініміз – мұндай жағдай інжір ағашы жапырағында фицин энзимінің (ферментінің) көп мөлшерде болуының арқасында орын алған. Алайда бұл мысал – энзимдердің (ферменттердің) сол кезде адам өмірінде қандай рөл атқарғанын көрсетеді. Сондай-ақ шырынның алкогольге ашыту үдерістері немесе ашыған қамырдың көтерілу үдерістері энзимдердің (ферменттердің) әсерімен түсіндіріледі. „Энзим“ сөзі ашытқы сөзін білдіреді.

Бұл сөзді 1878 жылы Вильгельм Фридрих Кюне енгізген, ол – адамның ас қорыту жүйесін зерттеген. Алайда ескі «Фермент» атауын Луи Пастер енгізген және осы күнге дейін «ферменттеу» ұғымында қолданылып келеді.

19-шы жүзжылдықта энзимдер (ферменттер) туралы көптеген тұжырымдар мен жаңалықтар жасалған. Асқазан сөлімен жасалған сан-алуан тәжірибенің арқасында, оның құрамында басқа субстанцияларды өзгертуге немесе ыдыратуға мүмкіндік беретін заттың болуы тиіс екені белгілі болды. Луи Пастер бұл заттарды әр-түрлі сыныптарға жіктеді және бүгінгі таңда энзимдер (ферменттер) ғылымда ең алдымен биошапшаңдағыштар ретінде белгіленеді. Және де бұл – мұндай заттардың (энзимдердің) химиялық үдерістерді қамтамасыз ететіндігін немесе басқаратындығын білдіреді және оларсыз мұндай үдерістердің мұндай жағдайларда жүзеге аспайтындығын білдіреді.

20-шы жүзжылдықтың басында бірінші зерттеушілерге жекелеген энзимдерді (ферменттерді) бөліп алып, оларды өнеркәсіптік ауқымда пайдаланудың сәті түсті. Таяу уақытта олардың медициналық қасиеттерін де пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды емдеу және терапия жасау мақсатындағы энзим терапиясы саласының ізашары проф. Макс Вольф болды.

Вольф Нью-Йорктағы Опера Метрополитенде дәрігер болды және Фордхем Университетінің профессоры болды. Қуғында жүрген австриялық ғалым 1940-жылдардың өзінде «зиялы қауымды» емдеу барысында өз тәжірибесінде ферменттерді пайдаланды. Оның науқастарының қатарында көптеген жылдар бойы Мэрлин Монро, Сомерсет Моэм, Кеннеди отбасы және көптеген басқа да өнер, мәдениет және саясат өкілдері болды. Энзимдердің (ферменттердің) әсерін тереңірек зерттеу мақсатында, ол биологиялық ғылыми-зерттеу институтының негізін қалап, оған – Комумбия университетінің жасуша дақылдары технологиясын зерттеу жөніндегі зертханасында көп жылдар бойы жұмыс істеген биохимик Хелена Бенитезді шақырды. Олардың тегінің басындағы буындарынан Вобэнзим сөзіндегі „ВоБе“ атауы пайда болды. Олар жасап шығарған энзимдер (ферменттер) қоспасы аз уақыт ішінде үлкен сұранысқа ие болғаны соншалық, өнеркәсіптік ауқымдағы өндіріс қолға алынды және бұл – бір уақытта экономиялық тұрғыда тиімді өнімге қол жеткізуге жағдай жасады. Вольф әріптестерді іздей бастады және 1959 жылы Германиялық жас биолог және экономист Карл Рансбергерді кездестірді. 30 жасында ол MUCOS Pharma фирмасының басқарушысы болды. 1960 жылы ол Вобэнзимді Германия нарығына жеткізді. Рансбергер мен Вольфтың арасында іскерлік және тығыз достық қарым-қатынастар орнап, мұндай қарым-қатынастар 1976 жылы Вольфтың өліміне дейін жалғасты.

MUCOS PharmaТЫҢ Кейінгі дамуын мұнда қараңыз.

Top