КІРІСПЕ БӨЛІГІ

Pharma GmbH & Co KG компаниясы сайтта көрсеткен бүкіл ақпарат пен құжаттар және кестелер мұқият дайындалды және тексеруден өтті. Олар қолданыстағы құқықтық ұйғарымдарға сәйкес келеді және тек Қазахстандағы пайдаланушыларға танысау үшін арналып тағайындалған. Біз өз серверіміздегі ақпаратты жаңартуға және ауқымын кеңейтуге ұдайы талпынамыз. Интернеттегі басқа баптарға жасалған сілтемелер – осы кәсіпорынның өнімдері мен қызметтерін ұсыну болып табылмайды. 

Сізідң сайтқа қол жеткізуіңіз және оны пайдалануыңыз – төмендегі қағидалармен және шарттармен реттеледі. Сіздің сайтқа кіруіңіз және оның мазмұнын қарауыңыз – осы шарттарды сөзсіз қабылдауыңызды білдіреді.                    

§ 1 Авторлық құқық

Сайттың мазмұны Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясының зияткерлік меншігі болып тыбылады және авторлық құқық туралы заңмен қорғалады. Сайттың мазмұнын тек жеке мақсататтарда ғана пайдалануға, басып шығаруға және көбейуге жол беріледі. Бізідң жарияланымдарымыздың немесе олардың бөліктерінің әрбір көшірмесінде Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясының авторлық құқығы туралы нұсқау болуы тиіс. Сайттағы ақпаратты, сондай-ақ оның бөліктерін өзгертуге, көшіруге, таратуға немесе жария түрде жаңғыртуға жол берілмейді.

§ 2 Тауар белгісі 

Тауар белгілерімен реттеу – тиісті құқық иемденуші тарапынан жүзеге асыралады. Жазуының көлеміне немесе таңбасының болуына қарамастан өнімдердің барлық атаулары Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясының және онымен байланысты кәсіпорындардың, лицензиаттардың немесе бірлескен кәсіпорын әріптестерінің сауда маркасына жатады. Мұндай тіркелген сауда белгілерін қолдануға немесе құқыққа қайшы пайдалануға – қолданыстағы заңнамаға сәйкес тыйым салынады және мұндай әрекеттер қудаланады.             

§ 3 Жауапкершілік

  • 3.1 Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясының пікірі немесе көзқарасы болып табылмайды, олар – осындай пікірлердің авторларына тиесілі пікір немесе көзқарас болып табылады. Сайттағы жазбалар тұрақты түрде тексеруден өтіп тұрады. Бұған – ар-намысты қорлайтын сөздер, қателер, ғайбат сөз, тұрпайы, азғырушылық, нәсілшілдік немесе порнографиялық материал жатады. Пайдаланушы пікірлердің мазмұнын қысқарту немесе толығымен жою құқығын өз құзырында қалдырады. Сайтқа кірушілердің кез-келгені заңсыз немесе ұятты ақпаратты көрсетпеуі тиіс. Контент-провайдердің бөтен ақпараты Аудио-визуалдық ақпарат құралдары туралы заңның 7 параграфына сәйкес алынып тасталған.
  • 3.2 Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясы және онымен байланысты кәсіпорындар осы сайттың пайдаланылуы үшін немесе ондағы ақпараттың дұрыс пайдаланылмауы үшін жауап бермейді және өздеріне кепілдік міндеттерін қабылдамайды. Компания деректердің тұтастығы мен дұрыстығының бұзылғаны үшін жауап бермейді. Ақпарат тауардың сапасы үшін белгілі, елеулі немесе құпия жауапкершілікті тұспалдамайды. Оған сапа кепілдігі, белгілі бір мақсатқа сәйкес келуі немесе мүдделердің бұзылуы жатады, егер де заңнамаға сәйкес бұған жол берілетін болса. Сондай-ақ бұл – біздің сайтта деректері бар нысандарды жүктеу барысында орын алуы мүмкін болжалды бүлінуге қатысты. Пайдаланушылар бұл сайтты және оның мазмұнын өз жауапкершілігі шеңберінде аланатындығымен келіседі.
  • 3.3 Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясының бетінен шығасыз да, «Mucos» компаниясы мазмұнын өзгерте алмайтын және бұл компания жауап бермейтін беттерге өтесіз. Пайдаланушылар ақпарат пен қосымша қызмет көрсетуге қол жеткізу үшін ғана компаниямен байланыса алады. Ұсынылған ақпараттың – біздің кәсіпорнымызға қатысы жоқ. Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясы осы сайтты пайдалану барысында келтірілген залал үшін жауап бермейді.
  • 3.4Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясының заңды талабын қанағаттандыруға, жоғалтуларды өтеп беруге, кінәрат-талаптар мен сот үдерісін және әкімшілік сот ісін қанағаттандыруға қатысты және осы мәлімдемені орындамаудың себебінен туындауы мүмкін жағдайларды қоса есептегенде сайттағы электрондық хабарландыру тақталарын, хабарламалар жіберуді, жөнелтімдерді, чатты, талқылауды пайдаланумен байланысты туындауы мүмкін шығындарды өтеп беруге қатысты жауапкершілікті өз мойныңызға алуға міндеттелесіз. Мұндай құқықтық кінәрат-талаптарға – маркаларды, сауда атауларын, авторлық құқықтарды және патенттерді теріс пайдалану және сауда маркасын бұзу негізіндегі, келісім-шарттық немесе болжалды жұмыс қатынастарымен байланысты заңсыз жанжалды жағдай негізіндегі, жосықсыз бәсеке, ғайбат сөз немесе беделін түсіру, дұрыс ұсынбау немесе кепілдік міндеттемелерін орындамау негізіндегі немесе жұмыс мүдделерінің басқадай бұзылулары немесе залал негізіндегі құқықтық кінәрат-талаптар жатады.      

§ 4 Келісімі туралы мәлімдеме

Осы сайтты ашқан/пайдаланған жағдайда, пайдаланушы аталған шарттармен өзінің келісетіндігін мәлімдейді. Сонымен қатар, ол статистикалық мақсаттарда өзінің қол жеткізуінің бағаланатындығымен келісетіндігі туралы мәлімдейді. Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясы осы идеяға қатысты нәрселердің барлығын, техникалық өнертабысты, тұжырымдамаларды, әдістерді немесе ноу-хауды (мысалы үшінші тұлғалар үшін жариялау мақсатында) қоса есептегенде осы сайт арқылы берілген бүкіл ақпаратты пайдалану құқығын және/немесе өнімдер мен қызметтерді жетілдіру, өндіру және/немесе өткізу құқығын өз құзырында қалдырады, егер де заңнамаға сәйкес бұған рұқсат етілетін болса.

Науқастарға арналған нұсқаулар 

Бұл сайтта көрсетілген медициналық ақпарат тек ақпараттық мақсаттарда ғана ұсынылады және дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Ақпарат жалпы пайдалану мақсатында қолдануға ұсынылады және ешбір жағдайда сырқатты емдеу әдісін алмасытрмайды. Сондықтан Сіз кеңес алу үшін дәрігерге немесецевтке жүгінуіңіз керек. Дәрілік заттарды жарнамалау туралы Заңға сәйкес, Mucos Pharma GmbH & Co KG компаниясының өнімдері туралы толық медициналық ақпаратты науқастарға беруімізге тыйым салынады, сондықтан белгілі беттерде медициналық қызметкерлерге мәлім логинді енгізу қажет.             

Top