Веб-сайтының құпиялылық саясатына түсіндірме

Біздің барлық бизнес-үдерістерімізде дербес деректерді қорғау біз үшін аса маңызды болып табылады. Пайдаланушылар деректер банкіне енгізетін жеке деректерді қорғау үшін біз техникалық және ұйымдастырушылық шаралардың барлығын қолға алдық. Сіз кірген кезде біздің веб-сайтта қандай ақпараттың тіркелетіндігін және олардың қандай жолмен пайдаланылатындығын Сізге төменде түсіндіріп береміз. Біз басқа веб-сайттарды бақылауды жүзеге асырмайтындығымызға және деректерді қорғау жөніндегі осы қағидалардың оларға қатысты қолданылмайтындығына Сіздің назарыңызды аударғымыз келеді. Біздің веб-сайтымызды пайдаланбастан бұрын, төменде келтірілген Ақпаратты қорғау туралы қағидаларды мұқият оқып шығуыңызды өтінеміз. Интернет-бетке кіретін болсаңыз, Сіз деректерді қорғау жөніндегі осы шарттардың қолданылуымен келісесіз.      

Жеке мәліметтер

Жекелеген белгілі бір тұлғаны көрсететін немесе сәйкестендіретін деректер – жеке мәліметтер болып есептеледі. Интернет-бетке қатысты бұл – атап айтқанда, IP-мекенжайлар, Cookies немесе пайдаланушылық профильдер болуы мүмкін. Мұндай деректер телекоммуникация құралдары туралы заңның қатаң ережелеріне, Деректерді қорғау туралы ЕО директиваларына, Радиотарату қызметтері туралы мемлекеттік келісім-шартқа және MUCOS Pharma тарапынан назарға алынған өзге заңдарға бағынуы тиіс.

Жеке деректері бар ақпаратты белсенді түрде беру 

Егер веб-бетінде сайтты әрі қарай пайдалану үшін немесе Сіздің қандай да бір арнайы акцияларға қатысуыңыз үшін Сізден қандай да бір ақпаратты хабарлауыңыз сұралатын болса, сауалдың әрбір тармағында қай ақпараттың міндетті түрде, ал қай ақпараттың таңдау бойынша хабарлануы тиіс екендігі көрсетіледі.  

Пассивті түрде ақпарат жинау

Біздің веб-сайтымызды қарап отырған кезде, ақпарат жинау пассивті түрде жүзеге асырылуы мүмкін (яғни Сіздің ақпаратты белсенді түрде ұсынбауыңызбен), бұл ретте IP-мекенжайлар, Cookies, Интернет Тегтер және пайдаланушылардың сайт арқылы қозғалуы туралы ақпаратты жинау секілді әр-түрлі технологиялар мен құралдар пайдаланылады. Әдеттегі тәжірибеге сәйкес, веб-сайтқа кірген кезде провайдердің Интернет-Хаттама-Мекенжайлары (IP-Мекенжай) жасалады. Бұл ретте күні, уақыты, қаралған беттері (файлдың атауы), жүктеп алынған деректердің көлемі, біздің сайтқа өту жүзеге асырылған бет, сондай-ақ компьютердің IP-мекенжайы және пайдаланылып отырған браузер тіркеледі. Мұндай мәліметтер – веб-сайтты пайдалануды жақсарту үшін немесе Сіздің қауіпсіздігіңіз бен тұрақтылығыңызды қамтамасыз ету үшін, құпия түрде пайдаланылады. Егер Сіз біздің арнайы сервистерімізді пайдаланбайтын болсаңыз, веб-сайтқа кіру үшін біз қандай да бір деректердің көрсетілуін талап етпейміз. Сондықтан Сіз деректерді қорғау құқығының негізінде, біздің сайтымыз арқылы толығымен құпия түрде қозғала аласыз. Бұл веб-сайтта деректер біздің маркетингілік мақсаттарымыз үшін жиналады және пайдаланылады. Осы мақсатта, MUCOS Pharma Гмбх & Кo. KГ веб-сайттың Интернет-Тегін немесе Cookies орнатуы мүмкін. Осындай деректердің негізінде, сайтты жақсарту бойынша өзгертулер енгізіледі. Қандай да бір белгілі пайдаланушы бойынша сәйкестендіру жүзеге асырылмайды. Осыған байланысты, Сіз осы сайт арқылы құпия түрде қозғала аласыз. Пайдаланушының профильдері тек лақап атпен ғана Cookies көмегімен құрылады. Осындай қауіпсіздік шараларына қосымша ретінде, Сіз пайдаланушы профилінің мұндай лақап атын кез-келген уақытта болдырмай тастауыңызға болады. Мұндай жағдайда бізді келесі E-Mail арқылы хабардар етуіңізді өтінеміз: info@mucos.kz.

Ақпаратты пайдалану және беру

MUCOS Pharma ГмбХ & Кo. KГ Сіздің дербес деректеріңізді тек келесі жағдайларда ғана пайдаланады:

Сіздің сауалдарыңызға жауап беру үшін,

Уақиғаларға қатысу үшін,

Ақпараттық материалдарды жіберу үшін,

Сайысқа қатысу мақсатында әріптестік ұйымдарға ақпарат беру үшін, сондай-ақ маркетингілік және әлеуметтік зерттеулер үшін, және егер рұқсат етілетін болса, Сіз сұратқан сервистік қызметтерді көрсету үшін.

Деректер – оларды пайдалану мақсатына қарай қажет болатын уақытқа ғана сақталады. 

Белгілі жағдайларда Сіз көрсеткен деректер – рұқсат етілу мүмкіндігіне қарай – басқа көздерден алынған мәліметтермен толықтырылады. Мұндай деректер бізге өзіміздің веб-қосымшамызды, сондай-ақ қызметтерімізді бағалауға және жақсартулар енгізуге көмектеседі. Сонымен қатар біз пайдаланушылардың ең жоғары талғамдары туралы деректерге қол жеткіземіз және тиісінше MUCOS Pharma ГмбХ & Кo. KГ қызметтері мен веб-сайтын пайдаланушылардың сауалдарына сәйкес түзете аламыз. 

Егер рұқсат етілетін болса, біз жеке деректерді Атриум Инновационс Инк. (Канада) концернінің басқа кәсіпорнына береміз. Бұл реттегі шарт – деректерді берудің халықаралық жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуы, сондай-ақ тиісті кәсіпорынның мәліметтерді осы декларацияға сәйкес және дәл осындай мақсаттарға пайдалануға қатысты келісімі болып табылады. Сонымен қатар, жеке мәліметтерді басқа жолмен пайдалану мақсатында немесе үшінші тұлғаларға беруге немесе сатуға тыйым салынады.

Біз өзіміздің өзара құқықтық қатынастарымызды әрі қарай дамыту үшін деректерді кейінгі орындаушыға (тапсырыс бойынша деректер өңдеу) берген жағдайда, мұндай орындаушы үшінші тұлға болып есептелмейді және контрактінің негізінде халықаралық және қазақстандық мәліметтерді қорғау құқығын, сондай-ақ деректерді қорғауға қатысты осы келісімді сақтауға міндетті болады.

Сіздің деректеріңізді бақылау

Сіз өзіңіздің бізге берген дербес деректеріңізді әрдайым бақылай аласыз. Бұл мынаны білдіреді: Сіз кез-келген уақытта, өзіңіздің сауалыңыз бойынша, Сіздің қай мәліметтеріңіз біздің жүйемізде сақталғанын біле аласыз, заң талаптарының орындалуы шартымен дербес деректерге түзетулер мен жаңартулар енгізуді сұрай аласыз, біздің жүйеміздегі деректерді жоюды немесе бұғау салуды сұрай аласыз.

Біз Сізге заңмен қарастырылған деңгейде Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуден бас тарту мүмкіншілігін ұсынамыз. Атап айтқанда бұл – маркетингілік шараларға тікелей қатысты болады (жарнамалық ақпараттан бас тарту құқығы), егер де бұл – Сіздің деректерді өңдеуге арналған келісіміңізде алдын-ала келісілген болса. Егер Сіз өз деректеріңіздің жарнамалық мақсаттарда пайдаланылуына қарсы болмасаңыз, бізге хабарлауыңызды өтінеміз. Мұндай жағдайда Сізден өзіңіздің дербес деректеріңізді енгізген веб-сайттың атауын көрсетуіңізді өтінеміз, бұл ретте сәйкестендіруді жасаңыз да, қандай ерекше ақпаратты түзетуді, белсенді етуді немесе жоюды қалайтындығыңызды бізге хабарлаңыз. Сонымен қатар біз Сіздің жарнамаға қарсылық білдіруіңізді арнайы файлға енгіземіз. Егер біз жалпыға қолжетімді көздерден алынған мекенжайларды пайдаланатын болсақ, Сіз үшін жағымсыз таратуларың Сізге жіберілмеуін қамтамасыз ете аламыз.

Өзге шарттар

Біздің веб-сайттың пайдаланушылары біздің құқықтық нұсқауларымызды орындауға міндетті.

Бізбен қалай байланысуға болады

Егер Сізде ақпаратты қорғау туралы осы қағидаға қатысты немесе осы веб-сайтты пайдалануға қатысты сұрақтар, ескертулер немесе күдіктер туындаған жағдайда, келесі байланыс деректері арқылы бізбен хабарласыңыз:

MUCOS Pharma ЦЗ СРО Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі,
050026, Алматы қ., Мұратбаев көшесі 62, 68 кеңсе
E-Mail: info@mucos.kz


 Мәліметтерді қорғау бойынша осы шарт соңғы рет 07.03.2015 жылы жаңартылған.

Бұл вебсайт Қазақстан Республикасындағы кірушілерге арналған.

Top