Вобэнзим® плюс – рутинмен үйлескен, өсімдік және жануар тектес ферменттер негізіндегі дәрілік препарат. 

Қолданылуы

Кешенді емде:

  • жарақаттан кейінгі және операциядан кейінгі ісінулер
  • лимфалық ісінулер және микроциркуляторлық бұзылыстар
  • флебиттер, тромбоздан кейінгі синдром (көктамырлардың қайтадан қабынуынан кейінгі жағдай), трофикалық ойық жара
  • ер адамдарда несеп-жыныс жолының жедел және созылмалы қабынуларын: цистит, уретрит, цистопиелит, простатит
  • әйелдерде кіші жамбас ағзаларының жедел және созылмалы қабыну ауруларын: аднексит, сальпингоофарит
  • ревматоидты артрит, жұмсақ тіндердің ревматизмі (мысалы: бұлшықеттік ревматизм, теннистік шынтақ синдромы немесе латеральді эпикондилит, қатып қалған иық синдромы немесе иық буынының адгезивті капсулиті, тендовагинит), буындардың және омыртқаның дегенеративті аурулары.

6 жастан бастап балалар мен ересектерде қолданылуы мүмкін. 

Тәуекелдері мен жанама әсері туралы ақпаратты – медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықта алуыңызға болады және өз дәрігеріңізге немесецевтке жүгінуіңізге болады.

Күні: наурыз 2015 ж.
MUCOS Pharma CZ S.R.O. Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, 050026,
Алматы, Мұратбаев көшесі 62, 68 кеңсе

Top