Жергілікті өкілдіктер мен өндірістік бөлімшелер, сондай-ақ халықаралық әріптестік ұйымдар MUCOS Pharma мен энзим терапиясын бүкіл әлем бойынша қожеткімді етеді.

Сонау 1957 жылы, Карл Рансберг MUCOS Pharma компаниясын басқаруды өз қолына алған кезде, өнімнің заманауи тауарлық сұрыпталымын дамыту бағыты белгіленіп қана қоймай, сонымен қатар әуел бастан-ақ компанияның жаһандық қызметінің айқын бағдары таңдалған болатын. Сол кездің өзінде Рансбергер АҚШ-тағы профессор Макс Вольфтың сәтті әзірленімі – сол кезде Вольф пен Бенитаздың энзим қоспасы ВоБе-Энзимдер деп те аталатын Вобэнзимді Германияға алып келіп, өнеркәсіптік ауқымда өндіруге кірісті. Толығырақ «Тарих» бөлімінен қараңыз. 

Бұл препарат және энзим терапиясы – емдеудің салыстырмалы жаңа әдісі болды және кеңінен тарай қоймаған болатын. Сондықтан, MUCOS Pharmaның аса маңызды міндеттерінің бірі – энзим терапиясын бүкіл әлем бойынша қол жетімді ету болды.

30-дан астам елдегі өкілдіктер мен әріптестік ұйымдардың арқасында MUCOS Pharma өз қызметін Еуропада, Азияда, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Америкада жүзеге асырады. MУКОС канадалық Aтриум Инновационс фирмасына өткеннен кейін, кәсіпорын жақсы дамыған өткізу желісін иемдене бастады, ал бұл – емдеудің осындай жағартпашыл әдісінің кеңінен тарауына жағдай жасады.
Халықаралық зерттеулер мен энзим терапиясына деген қызығушылық жылдан жылға артып отырғандықтан, MUCOS Pharma бұл бағытты әрі қарай бүкіл әлем бойынша ілгері жылжытуда!

Top