MUCOS Pharma КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Дәрумендерден ферменттерге, Нью-Йорктан Мюнхенге: MUCOS Pharma компаниясының тарихы. MUCOS Pharma фирмасының негізін 1949 жылы эндокринолог Хельмут Хаубольд қалаған болатын және бастапқыда ол «Мульсин» қоспалары деп аталатын дәрумендік эмульсияларды жетілдірумен және өндірумен маманданатын еді.



Фирманың сонау бастапқы кезеңінде тұрған қызметкер – биолог, дипломды экономист Карл Рансбергер болды, ол MUCOS Pharma компаниясының халықаралық ауқымда табысқа қол жеткізуі жолында елеулі еңбек сіңірді. 1957 жылы ол фирманы басқаруды өз қолына алды, ол кезде фирманың құрамында тек төрт қызметкер ғана жұмыс істейтін.

Біршама уақыттан соң Рансбергер Нью-Йоркта тәжірибешіл дәрігер, профессор Макс Вольфпен танысты. Ол өз әріптесі, Колумбия Университетінің қызметкері Хелена Бенитезбен бірлесе отырып жұмыс істеу барысында, жекелеген энзимдерді (ферменттерді) бөліп алып зерттеу мүмкін болды. Зерттеудің нәтижесінде, қабынуға қарсы әсер беретін және азғындау үдерістеріне қарсы әрекет ететін энзимдер (ферменттер) қоспасына қол жеткізілді. Олардың құрметіне бұл құрамдастырым „Вольф пен Бенетездің энзим қоспасы“ деп аталды, кейіннен бұл атау ВoБe-Энзимдер деп қысқартылып, барлық Вобэнзим препараттарының негізіне айналды.

1960 жылдары Германияда энзим өнімдерін өндіруді бастағаннан кейін MUCOS Pharma компаниясы энзим терапиясын әрі қрай зерттеуге өз күшін жұмылдырды. Бұл қызмет – фирма келесі қадамды жасауға бел буғанша және, бәрінен бұрын, Мюнхенге жақын жердегі үлкен өндірістік үй-жайларға көшкенше, 20 жылға дерлік уақытқа созылды. Онда кәсіпорынның ауқымын халықаралық деңгейде кеңейтуге дайындық жасалды және «темір шымылдық» қирағаннан кейін, 1991 жылы фирма өзінің MUCOS Pharma ЦЗ (MUCOS Pharma CZ) филиалын Прагада ашты, онда MUCOS Pharma компаниялар тобының бірыңғай жүйесінде Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі энзим терапиясының ғылыми-үйлестірушілік және коммерциялық орталығы ұйымдастырылды. Энзим препараттарын ТМД елдерінде тіркеу мен сатудан басқа, MUCOS Pharma ЦЗ ұйымы Еуропаның әйгілі академиялық және университеттік медицина орталықтарымен бірлескен түрде жүргізілетін ғылыми және клиникалық зерттеулерге, сондай-ақ ақпараттық және білім беру қызметіне ерекше назар аударады. 1998 жылдан бастап MUCOS Pharmaның энзим препараттары Қазақстанда тіркелді. Біздің науқастар энзим кешендерінің ағзаға кооперативтік және мақсатты түрде әсер етуіне негізделген жоғары сапалы, тиімді және қауіпсіз емдеу әдістеріне қол жеткізді.

Қазақстанда энзим терапиясын дәріптеу бойынша қол жеткізілген жетістіктердің арқасында, 2006 жылы Алматыда MUCOS Pharma ЦЗ Өкілдігі ашылды.

2007 жылы Фирма Атриум Инновационс құрамына өтті. Бұл канадалық кәсіпорынцевтика, косметика жәен тағам өнімдері саласында сәтті жұмыс істейтін еді және жақсылап қалыптастырылған халықаралық өткізу желісін құрған болатын.

Бүгінгі таңда MУКОС препараттары үш құрлықтағы 30-дан астам елде сатылуда. MUCOS Pharma осылайша өзінің алдына қойған мақсатына – энзим терапиясын бүкіл әлем бойынша қолжетімді етуге жақындай түсті!

Сонымен қатар, MUCOS Pharma Қазақстандағы тұтынушыларға Вобэнзимдерді өндірудің бүкіл тарихындағы ең жоғары ферментативтік белсенділігі бар түпнұсқа және заманауи Вольф пен Бенитаз энзим қоспаларын ұсынады.

Қазіргі таңда Германия тұрғындары да пайдаланатын, Вобэнзим плюс деген сауда атауы бар дәрілік препарат 2014 жылдың 26 желтоқсанынан бастап Қазақстанда тіркелді және науқастар үшін еліміздің дәріханаларында қолжетімді болып табылады.

Top