Аса жоғары ферментативтік белсенділігі бар Вобэнзим: табиғи жолмен жақсы сіңеді. Құрамы, қолданылуы және мөлшерленуі туралы барлық ақпаратты біліңіз.

Ыңғайсыз немесе шектен тыс түскен жүксалмақтың нәтижесінде бұлшықеттер мен буындардағы ауырулар* науқастың өмір сүру сапасын едәуір нашарлатады және жиі жағдайларда ұзаққа созылатын немесе тіпті созылмалы сипатты иемденеді.

Вобэнзим плюс жұмсақ ұлпалардың соғылған жерлері мен жарақаттарының және қанды ісіктер мен қан құйылулардың жазылуын, сондай-ақ шораяқ, флебит немесе несеп-жыныстық жүйесінің қабынуы және отадан кейінгі жарақаттың қабынуы секілді қабыну ауруларының жазылуын жылдамдатады. Вобэнзим плюс энзимдерінің (ферменттерінің) құрамдастырымы ұлпаларлың ісінуі мен қабынуының сорылуына жағдай жасайды, сондай-ақ ауыруды азайтады*.

Бұл ретте Вобэнзим плюс әсер етуі үшін шешуші нәрсе – энзимдердің (ферменттердің) белсенділігі болып табылады. Өсімдік тектес және жануар тектес энзимдердің (ферменттердің) құрамдастырымы мен олардың бір таблеткада шоғырлануының арқасында, Вобэнзим плюс тарихтағы аса күшті Вобэнзим болып табылады! Жапонияда өсетін жапондық софора ағашынан алынатын рутозид ингредиенті қан айналымын жақсартуға жағдай жасайды және бұған қосымша ретінде ісінулерді басады.

Энзимдердің қалай әсер ететіндігі туралы және оларды қолдану салалары туралы толығырақ ақпаратты „Энзим терапиясы“ бөлімінен қараңыз.

Мөлшерлеу туралы және қабылдау тәртіптемесі туралы мәліметтерді тікелей Вобэнзим веб-парағынан таба аласыз.

*Жарақаттанудың салдары және буындардың қабынуы (белсенді шораяқ / остеоартриттер).

Top