Энзимдер немесе басқа сөзбен айтқанда – ферменттер ағзаның барлық дерлік биохимиялық үдерістеріне биошапшаңдағыштар ретінде қатысады. Бірақ олар бұны қалайша істейді?

Энзимдер (ферменттер) зат алмасу үдерістерін басқарады, яғни ағзадағы химиялық реакцияладың орындалуына жағдай жасайды. Мұндай реакцияның әдеттегі мысалы: біздің бойымызға тағаммен бірге түсетін майлар мен ақуыздарды ыдырату. Энзимсіз (ферментсіз) біздің ағзамыз алатын тағамды қорыта алмас еді.

Бірақ энзимдердің (ферменттердің) іс жүзіндегі маңызы едәуір зор. Барлық дерлік табиғи биохимиялық реакциялар энзимдердің (ферменттердің) әсерімен жүзеге асады және энзимдердің қатысуынсыз мүлдем орын алмайтын да еді. Бұл – алкогольдік ферменттеу немесе ДНҚ репликациясы секілді үдерістерге де қатысты. Сондай-ақ біздің өміріміздің жоғары технологиялы салалары да энзимдерді (ферменттерді) қажет етеді: Ферменттер, мысалы, сусамырмен ауыратын науқастарға арналған жануар тектес инсулинді алу үшін медицина өнеркәсібінде пайдаланылады. Энзимдерді (ферменттерді) құрал ретінде пайдаланбаған жағдайда, тіпті адам геномының мағынасын ашу да мүмкін болмас еді.

Энзимдер (ферменттер) мұндай қабілеттерге қайдан және қалай қол жеткізеді?

Микроскоппен қарағанда энзимдер (ферменттер) басқа биологиялық молекулалар секілді әсер қалдыратындай болып көрінбейді. Керісінше, олар «ретсіз және еркін оралған домалақ жүн» ретінде сипатталады (В. Миллер: „Өмірдің көзі: Энзимдер“, Цукшвердт 2007). Бір бірімен «тізілген» аминқышқылдар қатары тізбектерді түзеді. Энзимдердің (ферменттердің) пішіні осындай тізбектегі әр-түрлі аминқышқылдардың құрамдастырымына қарай өзгеріп отырады. Осылайша, айқын түзілу жоспарына бағынатын айрықша бөлшектер түзіледі. Мұндай бөлшектердің пішіні энзимдердің (ферменттердің) функциясы үшін шешуші болып табылады.

Бір құлыпқа белгілі бір пішіндегі кілттің сәйкес келуі секілді, энзимдер (ферменттер) де қандай да бір белгілі заттармен ғана реакцияға түседі. Осыған байланысты, олар, мысалы, майлар мен ақуыздарды ыдыратушы ретінде әрекет етеді және нақты анықталған және ерекше реакцияларды жүзеге асырады. Осындай реакциялар туралы ақпарат неғұрлым көп болса, соғұрлым оларды мақсатты түрде пайдалануға болады.

Вобэнзим препараттарындағы энзимдер (ферменттер) біршама өзге әрекет ету қағидатын ұстанады: Мұнда Вобэнзим препараттарының құрамына кіретін энзимдерді (ферменттерді) байланыстыратын белгілі антиденелердің қасиеті пайдаланылады. Бұл ретте ешқандай биохимиялық реакция іске қосылмайды, тек қана антидененің құрылымдық өзгерісі орын алады. Энзимдерге (ферменттерге) қосымша ретінде, мұндай антиденелер сондай-ақ қабынуға әсерін тигізетін нейротрансмиттерлерді (цитокиндерді) де бұғаулап тастайды. Вобэнзим препараттары осы қағидат бойынша қабыну үдерісіне әсер етеді және жазылуға жағдай жасайды.

Осы үдеріс көрсетілген толық бейнені Сіз Вобэнзим өнімінің веб-бетінде таба аласыз.

Олардың қандай жолмен пайдаланылуына қарамастан: энзимдер (ферменттер) біздің байырғы, көпжақты және сенімді көмекшілеріміздің қатарына жатады („Ферменттердің тарихы“ бөлімін қараңыз). Әйтсе де, салыстырмалы түрде жаңадан пайда болған энзим терапиясы осындай әмбебап көмекшілерді енді медициналық мақсаттарда да пайдаланады.

Егер Сіз MUCOS Pharma-тың энзим терапиясы салсындағы халықаралық қызметі туралы көбірек білгіңіз келсе, мұнда түртіңіз.

Top